26 Мамыр 2022
Жаңалыктар сош25

Оралда «Өнерімнің биігі – жыр-терме!» атты жас термешілер байқауы өтті

💐Құттықтаймыз💐
Оралда «Өнерімнің биігі – жыр-терме!» атты жас термешілер байқауы өтті.
Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында «Өнерімнің биігі - жыр-терме!» атты облыстық жас термешілер байқауын өткізді.
Байқауда бағын сынаған жастар, жалпы саны екі термеден орындады. Байқау ережесіне сай бірінші орындалатын терме Батыс мақамының стилінде және екіншісі еркін тақырыпта орындалып, байқау жеңімпаздары 14-18 және 19-29 жас ерекшелігі бойынша анықталды.
Нәтижесінде 14-18 жас ерекшелігі бойынша: II орынды – Орал қаласы №25 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы - Джумагельдина Сабина.
Сайыс жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтар табысталып, топ жарып жеңімпаз атанған жастар, еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласына жолдамаға ие болды. @oral_bilim @bqobilim