07 Маус 2022
Жаңалыктар сош25

Жұмыс берушілер мен ата-аналардың назарына:

Кәмелетке толмағандардың еңбегі туралы

Кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру кезінде олармен міндетті түрде еңбек шарты жасалуы тиіс. 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.

Сонымен қатар,

- орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, 15 жасқа толған азаматтармен;

- оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылармен;

- кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

Бұл жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс.

Заң кәмелетке толмағандарды денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға жалдауға тыйым салады. Қауіпті жұмыс түрлерінің ең төменгі жасы-18 жас, 18 жасқа толмаған адамдарға қоса атқаратын жұмысқа, материалдық жауапкершілік белгіленген жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебіне, үстеме жұмысқа және түнгі уақыттағы жұмысқа тыйым салынады.

Сондай-ақ, он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 08.12.2015 № 944 бұйрығымен белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды тасуына және қозғалтуына тыйым салынады.

Кәмелетке толмағандарды моральдық дамуына теріс әсер ететін жұмысқа тартуға жол берілмейді (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау және сату).

#25ЖОББМ еріктілері Сити Центр және Алем Плаза сауда үйлері мен мектеп аумағына қарасты аудандарда жаднамалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. @oral_bilim @bqobilim