07 Маус 2022
Жаңалыктар сош25

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

🔰1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өтуде.

Бала еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалану және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты қолдану - бала өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп келтіреді.

Кәмелетке толмағандардың оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін жұмыс жасауы үшін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 31, 69 тармақтарының талаптардың орындалуы тиіс (Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері; Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы).

Жазғы кезеңде бала еңбегінің ең нашар түрлерін болдырмау мен жол бермеу бойынша заңнаманың бұзылу жағдайларының орын алмауы мақсатында қала мектептері жергілікті полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен біріккен рейдтер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.